«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау тоқтатылды

«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау тоқтатылды. Жобаға қатысуға 250 солтүстікқазақстандық ниет білдірген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Ауыл аманаты» жобасы елді мекен тұрғындарының табысын арттыруға арналғандығы баршаға мәлім. Талап бойынша бизнес-идеялар ауылдық жерлерде іске асырылуы тиіс. Бағдарлама іске қосылған күннен бастап солтүстікқазақстандықтар жаппай өтініш қалдыра бастады. Алғашқы айдың өзінде 950 млн теңгеге 120 өтінім қабылданды. Азаматтар негізінен мал шаруашылығын дамыту үшін осындай қолдаудың игілігін көрмек болған. Берілген жеңілдетілген несиелердің орташа мөлшері – 7,3 млн теңге.

Бүгінде «Солтүстік» ӘКК тұрғындардың атынан біздің өңірге бөлінген 1,8 млрд теңгеге 250 өтініш қабылданды. Сондықтан, бағдарлама тоқтатылып отыр.

Тағы оқыңыз: Петропавлда пәтерді жалға алу құны 10%-ға өскен

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x