Петропавлда пәтерді жалға алу құны 10%-ға өскен

Петропавлда пәтерді жалға алу құны 1 айда 10%-ға өскен. Мұндай жағдай еліміздің өзге қалаларында да тіркеліп отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазақстанда пәтерді жалға алу құны қымбаттап барады. 27 маусым мен 26 шілде аралығында  баспананы жалға алу 4,2%-ға өскен. Мұндай жағдай еліміздегі 13 қаланың 11-інде тіркелген. Көш басында Петропавл мен Қостанай тұр. Оларда пәтерді жалға алу құны 10%-ға өскен. Алматы мен Шымкентте – 7%, Ақтауда – 5%, Ақтөбеде – 4%, Астана, Қарағанды, Оралда – 3%, Павлодар мен Көкшетауда – 2%-ға көтерілген. Ал, Атырауда баға өзгермеген.

Тағы оқыңыз: Сөрені отандық тауарлармен толтыру керек – Райымбек Баталов

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *