Петропавлда “Интегро” компаниясының “Мемлекеттік қызметтер көрсету порталы” іске қосылды. Енді қала тұрғындары коммуналдық қызметтерді үйден шықпай-ақ осы портал арқылы төлей алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

“Интегро” компаниясының ұйымдары мен порталы еліміздің 4 қаласы Астана, Петропавл, Қостанай және Атырауда жұмыс істейді. Олар бұл мемлекеттік қызметтер көрсету порталын 3 жыл бұрын шығарған. Алдымен Президентке таныстырылған екен.

Әлі тұрғындардың көбі бұл портал туралы білмейді. Қазір біз коммуналдық ұйымдардың 37 қызметін іске қостық. Болашақта тағы да басқаларын енгізуді жоспарлап отырмыз. Және біз халықтың өтінімдерін бірнеше ұйымға жіберуге болатын қызметті қосамыз. Қалалық әкімдіктің мамандары Астанаға барып барлық жүйені, фронт офистың жұмысын бақылап, пікір алмасып келді. Кейін алған тәжірибемізді қолданып, порталды қайта өңдедік”, — дейді облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Азамат Байтеміров.

Қажетті қызметтерді электронды форматта алу үшін құжаттар жинаудың қажеті жоқ. Тек мемлекеттік қызметтер көрсету порталына кіріп жеке деректерін толтырып оны пайдалануға рұқсат беру керек. Содан кейін бес минут ішінде өтініш берушінің құжаттары дайын екені жайлы хабарлама келеді. Айта кетейік, порталмен жұмыс істеу үшін электронды цифрлы қолтаңба қажет.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x