Петропавл полицейлері 50 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Аталған факті бойынша қазір Петропавл қаласы ПБ бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
«2 наурызда полицияға Алтынсарин көшесінде әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Әйелдің жеке басы бірден анықталды. Қазір өлімнің нақты себебін білу үшін мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Тағы оқыңыз: СҚО-да бюджет қаржысын жымқырған депутат қамауға алынды