Петропавлда «Еріктілер- қозғашу күш» атты іс-шара өтті. Оның аясында волонтерлердің қоғам үшін атқарып жүрген жұмыстары айтылып, олардың маңыздылығы жөнінде сөз қозғалды, деп жазады Qazaqstan Media.

Волонтер сөзі ағылшын тілінен аударғанда – мұқтаж адамдардың немесе жалпы қоғамның мүддесінде тегін, ерікті түрде еңбек ететін адам дегенді білдіреді. Оның халықаралық белгісі – қызыл V әрпі. Қазіргі кезде елімізде волонтерлер, яғни еріктілердің қатары көп. Олар түрлі саланы қамтып жүрсе де, көздегендері бір- халыққа пайдасын тигізу.
Солтүстік өңірде де еріктілердің бірнеше тобы құрылған. Олардың басын биыл көктемдегі су тасқыня біріктірді. Адамгершілік, мейірімділік сынды қасиеттерді адам бойына сіңіретін волонтерлердің қозғалысы жан-жақты қолдауға ие.

«Бүгінгі жиынды түрік қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр. Басты мақсатымыз жиналғандарға волонтерлік жайында кеңінен түсіндіру. Сонымен қатар, Түркиядағы еріктілердің жұмысы жайында да салыстырмалы түрде айтатын боламыз. Ерікті болу –ол қоғамға, мұқтаж жанға қол ұшыңды созу дегенді білдіреді. Жұртқа жасаған жақсылық, адамға еселеп қайтатыныын ұмытпау керек»,-дейді ұйымдастырушылардың бірі, түрік қоғамдық бірлестігі төрағасның орынбасары Диляра Хасанова.

Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Бүгінде әлем халқының 970 миллионы волонтер болса, оның ішінде әрбір сегізінші қазақстандық ерікті болып табылады екен.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстандағы газ жарылысы: Үй иесі қайтыс болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *