Петропавлда электронды таблолар іске қосылады

Петропавлда қыркүйек айында автобус бағыттары жайында ақпарат беретін электронды таблолар іске қосылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлда электронды таблолар 2018 жылы пайда болды. Одан автобустың неше минуттан кейін келетінін, ауа температурасын көруге болатын. Бірақ құрылғы көп жұмыс істеген жоқ. Алдағы уақытта олар қайтадан іске қосылмақ. 

«Жақында конкурс өткізіліп, 31 электронды табло қайтадан жұмыс істейтін болады. Бұдан бөлек, жолаушылар ағынын анықтау үшін автобустарға арнайы датчик орнатпақпыз. Осылайша, жолаушы тасымалдаушылар қаншалықты ашық жұмыс істеп жатқандығын және шын кірісі қанша екенін анықтаймыз. Яғни, олардың жұмысы бақылауға алынады. Бұған қалалық бюджеттен қаражат бөлінді», — дейді қала әкімінің орынбасары Әділбек Әубәкіров.

Былтыр жолаушылар тасымалымен айналысатын компанияларға бюджеттен 2 млрд теңгеден астам субсидия бөлінді. Биыл оның мөлшері 3 млрд теңгеге жетіп, кәсіпкерлер оның бір бөлігін жұмсап үлгерген.

Жалпы, қоғамдық көлікті бір күнде 65-75 мың петропавлдық пайдаланады. Оларға 18 бағыт бойынша  қатынайтын 185 автобус қызмет көрсетеді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x