Петропавлда 200-ден астам отбасы бірнеше күннен бері сусыз отыр

Петропавлда мемлекеттік бағдарлама бойынша тапсырылған үйден тағы шу шықты. Онсыз да проблемадан көз ашпайтын тұрғындар аптап ыстықта сусыз қалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жас Өркен ықшам ауданындағы Горький көшесі, 8 мекенжайында орналасқан 17 қабатты тұрғын үйде 202 пәтер бар. Мұнда бір мыңнан астам адам тұрады. Тұрғындардың айтуынша көп қабатты тұрғын үйдің шешілмеген мәселесі көп. Жаңбырда төбесінен су сорғалап, пәтерлерге су кіреді. Одан бөлек көрші орналасқан көпқабатты тұрғын үйдегі құрылыстың салдарынан 8 пәтердің терезесі сынған.

«Бір-екі апта бұрын жауған жаңбырдан 17 қабаттан бірінші қабатқа дейін үйдің төбесі тесіліп су ақты. Жасаған жөндеу жұмыстары бүлініп жатыр. Бірақ біз ол туралы ешкімге наразылық білдіріп, ақшасын төлеп бер деп те жатқан жоқпыз», — деді «Горький көшесі, 8» МИБ төрағасы Нұрдәулет Шаяхмет.

Көпқабатты тұрғын үйді «Единство» ЖШС салған. Мердігер компанияның сөзінше, олар бұл үйдің құрылысына ғана жауапты болған. Бүгінде үйді келісімшарт бойынша толығымен аяқтап тапсырған.

Петропавлда 200-ден астам отбасы бірнеше күннен бері сусыз отыр

«Бұл үй қолданысқа берілді. Ал инженерлік желі және ішкі әрлеу жұмыстарын басқа фирма атқарды. Үйдің құрылысы бойынша жасалған келісімшарттың негізінде біз барлық жұмыстарды аяқтадық», — деді «Единство» ЖШС директорының құрылыс бойынша орынбасары Андрей Калиничев.

Күні кеше әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде БАҚ өкілдері мен қала тұрғындарының сұрағына жауап берген шаһар басшысы бұл көпқабатты тұрғын үй туралы да айта кетті. Серік Мұхамедиев Горький көшесі, 8 мекенжайындағы тұрғындармен сөйлескенін тілге тиек етті. Қала басшысы тұрғындардың «Қызылжар су» компаниясымен келісімшартқа отыру керектігін ескерткен.

«Тұрғындар «Қызылжар су» компаниясымен келісімшартқа отырмаған. Бірақ жарты жылдың көлемінде суды қолданып келген. Сондықтан кәсіпорын суды өшіруге мәжбүр болды. Бірақ біз қазір тұрғындармен сөйлестік. Олар «Қызылжар су» компаниясымен келісімшартқа қол қоятын болады», — деді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.

Көпқабатты тұрғын үй иелерінің сөзінше, бүгін олар «Қызылжар су» ЖШС келісімге отырған. Бірақ, үйлерге әлі де ауыз су берілмепті.

Тағы оқыңыз:С. Мұхамедиев: Тұрғындарды қалалық әкімдікке жұмыс істеуге шақырамын

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x