СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері есірткі жасырылған 15 орынды анықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. 

Күдікті ретінде Петропавл қаласының 21 жастағы тұрғыны қамауға алынды. Жас жігіт ақпан айында жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ұсталды. Жеке тінту кезінде одан ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 10 полимерлік түйіншек тәркіленді. Бұдан бөлек, тергеу жұмыстары барысында полицейлер қала орталығынан есірткі жасырылған тағы 15 орынды анықтады. Барлығы 20,22 грамм болатын есірткі тәркіленді, сараптама қорытындысы бойынша бұл α-PvP синтетикалық препараты болып шықты.

«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Соттың санкциясы бойынша күдікті қамауға алынды. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің санкциясы бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», — дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Жалпы, жыл басынан облыста есірткі сатты деген күдікпен 22 адам ұсталды, оның 12-сі –18 бен 25 жас аралығындағы қыз-жігіттер.

Тағы оқыңыз:Елімізде жеңіл көліктер көбейді

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x