Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде кейбір мектептердің оқушылардың сыртқы келбеті мен шаш үлгісіне қатысты талаптарына наразылық білдіруде. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі мектеп формасы мен оқушының сыртқы келбетіне қойылатын талаптар қалай реттелетінін түсіндірді, деп жазады Qazaqstan Media. 

Министрліктің мәліметінше, «Білім туралы» заңның 49-бабына сәйкес, ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер уәкілетті орган белгілеген мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға міндетті. Мектеп формасына қойылатын жалпы талаптар ҚР Білім және ғылым министрінің арнайы бұйрығымен бекітілген.

Оқу-ағарту министрлігі мектеп формасын таңдау және оқушының сыртқы келбетіне қатысты нақты талаптар мектептің ішкі тәртіп ережелерімен реттелетінін атап өтті. Мұндай талаптар қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті және мектеп ұжымымен қаралып, жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.

«Жалпы білім беретін мектеп басшылығы білім алушы мен ата-анасынан білім беру ұйымының жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін және оның қызметін реттейтін білім беру ұйымының актілерін сақтауын талап етуге құқылы», – деп хабарлады министрлік.

Егер оқушы белгіленген мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзса, алдымен бұл жағдай тіркеледі. Баламен профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Кейін ата-анасына немесе заңды өкіліне анықталған бұзушылық туралы хабарланады. Талаптарды сақтау қажеттігі түсіндіріледі. Ал ата-аналар белгіленген міндеттерді жүйелі түрде орындамаса, материалдар білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне жолдануы мүмкін.

Оқушы мектеп формасын мен шаш үлгісін сақтамаса, ата-ана айыппұл арқалауы мүмкін
Оқушы мектеп формасын мен шаш үлгісін сақтамаса, ата-ана айыппұл арқалауы мүмкін

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабының 2-бөлігіне сәйкес, ата-аналар білім беру саласындағы заңнаманы орындамаса ескерту ғана емес,  5 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалаулары да мүмкін»,- деп ескертеді ведомства.  

Егер мұндай құқық бұзушылық  бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері 20 АЕК-ке дейін жетуі мүмкін. Мұндай хаттамаларды білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департамент жасауға құқылы.

Тағы оқыңыз: К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті СҚО-дағы өкілдігінің ұжымы студенттермен кездесті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *