Солтүстікқазақстандықтар ерекше құбылыстың куәсі болды. Тұрғындар поляр шұғыласын тамашалап, оның суреттерімен желіде жарыса бөлісуде, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Табиғи құбылысты тұрғындар қарашаның 5-нен 6-сына қараған түні байқады. Күрең қызыл түске боялған аспанды көпшілік солтүстік шұғыласы (поляр шұғыласы) деп атайды. Бұл жолы ерекше аспан түсін Қазақстанның батысы мен орталығында, солтүстігінде тұратын азаматтар көре алды.
Аспанның кей бөлігі жасыл, сары түске де болғандай болды.
Мұндай табиғаттың ерекше құбылысы көрші Ресейде де байқалыпты. Сонымен қатар Белоруссия тұрғындары да поляр шұғыласын көре алды.
Осыған ұқсас ерекше табиғи құбылысты қазақстандықтар өткен көктемде байқаған болатын. Ол кезде бұлттар ерекше түске боялған еді.