Үкіметте өткен брифингте Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха министрлік мопедтерді көлік құралы ретінде тіркеуді ұсынып отырғанын айтты. Қазір бұл ұсыныс мәжілісте қаралып жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Игорь Лепеханың айтуынша, 1 қыркүйектен бастап осы күнге дейін мопед мінген 5 742 адам жауапкершілікке тартылған. Жаяу жүргіншілерді қағып кетуге байланысты 271 факті, жол қозғалысы ережелерін қайта бұзу бойынша 110 факті, 16 жасқа толмағандардың мопед айдауына жол бергені үшін ата-ананы әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша 214 факті тіркеліпті. Сондай-ақ мопедті мас күйінде басқарған 20 адам анықталған екен. Мопедшілермен жағдай әсіресе үлкен мегаполистерде күрдел болып отыр. Сондықтан бұл мәселені шешудің бірден бір жолы, мопедтерді көлік ретіне тіркеу — деп отыр Игорь Лепеха. Ішкі істер министрлігі мәжіліске ұсыныс жасағанын атап өтті.
«Біз мопедтерді тіркеуге қойып, мемлекеттік нөмір мен жүргізуші куәлігі болуын қамтамасыз етіп, олардың қозғалысын реттеуді ұсынып отырмыз. Депутаттар бізді қолдай ма, жоқ па білмейміз, қазір оны депутаттармен талқылап жатырмыз. Олар бізді қолдаған жағдайда дереу жариялаймыз», — дейді Игорь Лепеха.
Тағы оқыңыз: Қараша айында солтүстік өңірлерде кей күндері бұрқасын болады