Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы

Биыл қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, ақын, Алаштың ардақтысы, санаулы ғұмырын халық игіліне жұмсаған Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толып отыр. Мерейтой қарсаңында Есіл ауданының орталығы Явленка ауылында конференция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мағжан Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы Сарытомар ауылында Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Өңіріміздің мақтанышы 27 жасында «Жан сөзін» жазып, 30 жасында әйгілі ақын атанды. Мағжан туған елі мен жерінің әсем табиғатын, еркіндік пен бостандықты шығармаларына арқау етті. Сонымен қатар өзінің «Қарағым», «Қазақ тілі», «Қазағым» сынды туындыларында азаматтардың санасын оятып, оқу-білімге ұмтылуға шақырады. Есіл ауданында өткен ауқымды іс-шараға «Мағжан Жұмабаев» музейінің директоры Айгүл Жүніспаева да қатысты.

«Мағжан Жұмабаев 1960-жылы ақталса да, біздің Қазақстанда 1989-жылы ғана алғашқы басылым кітаптары шықты. Осы төл музей Мағжан ақталғаннан кейін 1989-жылы Сарытомар орта мектебінде бір бөлмеде ашылған болатын. Нақты Мағжанның 100 жылдық мерейтойын тойлаған кезде 1993-жылы төл музей ашылды», – дейді директор.

Мұражайда жинақталған құнды жәдігерлерді дарынды тұлғаның туыстары 70 жыл бойы сақтап, музейге табыстаған. Тиісінше, бүгінгі жиынға тарихи орталық құр қор келмеген. Өздерімен бірге біртуар азаматтың құжаттары мен мұраларын ала келіпті.

«Музейімізде Мағжанның өмірі мен шығармашылығына байланысты ең құнды жәдігерлердің бірі – 19 жастағы Мағжанның 1912-жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында басылған «Шолпан» атты кітабы. Туынды 50 беттен тұрады. Ішіне Мағжанның 30 өлеңі кірді», – деді Айгүл Жүніспаева.

Тағы бір мәліметпен бөлісе кетсек. Мағжан Жұмабаевтың жары Зылиха ақынның үшінші кітабын 70 жыл бойы сақтап, музейдің ашылу салтанында табыстаған. Өлеңдер жинағы 1923-жылы Ташкент қаласында басылып шыққан.

Тағы оқыңыз: СҚО-да балабақшаларды еш негізсіз тексермек болған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x