Кішкенекөлде әскери-патриоттық кездесу өтті

Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөл ауылының мәдениет үйінде «Отанды қорғау – азаматтық борышың» атты патриоттық кездесу өтті. Оған 10-11 сынып оқушылары және колледж студенттері қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Кездесу барысында сөз алған Уәлиханов ауданының қорғаныс істер бөлімінің басшысы Жангелді Айтмұханбетов жастарға әскердің әлеуеті жайлы айтып берді. Сонымен қатар жиында әскери өмірдің қызығы мен қиындығы жайында да айтылды. Ол жайлы жиналғандарға Отан алдындағы борышын өтеп келген сарбаздар баяндады.
Іс-шарада суреттер байқауының жеңімпаздары да марапатталды. Барлығы 57 туынды жіберілген екен. Конкурсқа қатысқан 5-6 сынып оқушылары әскери өмірді қылқалам, қарындашпен әдемілеп суреттеп көрсете білген.


Сондай-ақ кездесу барысында жастар қаруды шашып-жинап, противогаз киді.
Бұдан бөлек, әскери қару-жарақ, атыс қарулары туралы мәліметке толы әскери тематикадағы көрмені тамашалады.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Публикация от Qazaqstan Media (@qaz_media.kz)

Тағы оқыңыз: Петропавлдың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x