интернетпен қамту

Алдағы уақытта елімізде 60 мың шақырым кабельдік телекоммуникация инфрақұрылымын салу жоспарланған. Ол 3 мыңнан астам ауылды интернетпен қамтуға септеседі. Бұл жайында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кезекті Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленген «Қолжетімді интернет» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру жоспарлары қаралды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ұлттық жобаның негізгі мақсаты азаматтар мен бизнесті кемінде 100 Мбит/с деңгейінде жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамтамасыз ету екенін баяндады. Яғни, келешекте 60 мың шақырым кабельдік телекоммуникация инфрақұрылымын салу жоспарланған. Бұның нәтижесінде 3 мыңнан астам ауыл интернетпен қамтамасыз етілмек.

«Сонымен қатар 17 000 шақырым республикалық және негізгі облыстық автожолдарды мобильді интернетпен қамту бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Ол үшін 480-ден астам тиісті антенна-діңгекті құрылыстарды орнату жоспарланып отыр. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар қалалар мен кейбір облыс орталықтарында 5G ұялы байланыстың жаңа буыны енгізіледі. 2027 жылға қарай әрбір республикалық маңызы бар қала мен астананы қамту 75%-ды, ал облыс орталықтарын қамту 60%-ды құрайды деп күтілуде», — деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавл тұрғыны киіз басуды жастарға үйретіп жүр

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x