Енді Kaspi.kz мобильді қосымшасында тұрғылықты жері бойынша уақытша немесе тұрақты тіркеуді рәсімдеуге болады. Банк ІІМ көші-қон қызметі комитетімен, Әділет министрлігімен және ЦДИАӨМ Kaspi.kz -мен бірлесіп, жаңа қызметті іске қосты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл қызмет арқылы үй иесі өзін және отбасы мүшелерін (14 жастан асқан балалар), сондай-ақ бірге тұратын басқа да адамдарды өз пәтерінде тіркей алады. Сонымен қатар меншік иесі өз үйінен бірге тұрмайтын адамдарды өз бетінше тіркеуден шығара алады. Егер сіз үйдің иесі болмасаңыз және біреуге тіркелгіңіз келсе, онда сервистің өзі үй иесінің келісімін сұрайды.
«Мобильді қосымшалар қарапайым және түсінікті, ал оларды пайдалану көрсетілетін қызметті алушы мен қызметкердің тікелей байланысын болдырмайды. Сондықтан ІІМ халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді смартфондарға шығаруға ерекше назар аударады. Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер онлайн режимде қолжетімді. Енді азаматтар ХҚКО мен полицияға барып, кезекте тұрып, уақыт жоғалтпайды», – деді ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов.
Тіркеу кезінде ЖСН енгізу жеткілікті, ал аты-жөні мен мекенжайы автоматты түрде пайда болады. Қызметті пайдалану қауіпсіз. Тіркелу кезінде фото сәйкестендіруден өту керек. Бұл сізден басқа ешкім сіздің атыңыздан аталмыш қызметті пайдалана алмайтындығына кепілдік береді.
Тағы оқыңыз: Жерлесіміз, талантты актриса Самал Еслямова Президент қабылдауында болды