Жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс жабылды. Бұл туралы Астана қаласының полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Еске салсақ, Парламент сенатының жаңадан сайланған депутаты Гүлмира Кәрімова биылғы жылдың 27 қаңтарына қараған түні қайтыс болды. 45 жастағы жерлесіміздің өліміне «анафилактикалық шок» себеп болды деп айтылды. Алайда келесі күні Денсаулық сақтау министрлігі марқұмның жедел миокард инфарктісінен қайтыс болғанын хабарлады. Содан бір ай өткесін қылмыстық іс қозғалды. Ал кеше Астанада қылмыстық іс тоқтатылды.

«Гүлмира Кәрімованың кенеттен қайтыс болуына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда тергеу ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты тоқтатылды. Осы істі қадағалаған прокурор бұл шешімді бекітті», – деді Астана қаласының полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетов.

Тағы оқыңыз: Елімізде мамырдан бастап не өзгереді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x