Солтүстік Қазақстан облысында қалаларды ауыз сумен қамту бойынша көрсеткіш 85%-ды құрайды. Бұл өте төмен деңгейге жатады. Жауыр болған мәселе Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында талқыланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, қалаларды ауыз сумен қамтудың ең төмен деңгейі Жамбыл облысында – 91,9%, Қостанай облысында – 80,4%, Ақмола облысында – 89,8% және Солтүстік Қазақстан облысында 85%-ды құрайды. Бұл ретте қаржы бөлу кезінде басымдық ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіштері төмен өңірлерге берілмек. Аталған деректерді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев келтірді. Айта кетсек, осы жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және реконструкциялауға республикалық бюджеттен 280 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде, 402 жобаны іске асыру жоспарланған.

«Биыл құрылысы 2010 жылы басталған Есқұла су құбырын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ Ақмола, Алматы, Атырау, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 27 жобаны жүзеге асыруға қаражат бөлінді», – деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Өз кезегінде Әлихан Смайлов отырыста 2025 жылдың соңына дейін ел халқын 100% таза ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті қойылғанын еске салды.

«Қазір елімізде 600 мыңнан астам адам таза ауыз су мәселесін шешуді талап етеді. Тіпті Астананың өзінде су тапшылығы қатты сезіле бастады. Бұл ретте, суды үнемдеу маңызды сұрақ болып отыр. Өкінішке орай, көптеген азаматтарымыз суды үнемдегісі келмейді. Бұл сұрақты шешу үшін саланы цифрландыру және тиімді тарифтерді енгізу қажет», – деді Премьер-Министр.

Тағы оқыңыз: Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс жабылды 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x