Есіл ауданында төтенше жағдай режимі жариялануы мүмкін

Су тасқынына байланысты Есіл ауданында төтенше жағдай режимі жариялануы мүмкін. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жазылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Есіл ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялау туралы жазба «Ашық НҚА» сайтында сегізінші сәуір күні пайда болды. Ол онлайн түрде ашық талқыға шығарылды.

«1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын

  1. Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жою бойынша басшысы болып Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын сәйкес іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін бағыты бойынша орынбасарына жүктелсін.

  3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 7 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады», — деп жазылған құжатта.

Мұндағы әр пункттің астына пікір қалдыруға болады.

Аталған жоба қабылданса онда Есіл ауданы төтенше жағдай режимі жарияланған үшінші елді мекен атанбақ. Осыған дейін су тасқынына байланысты мұндай шара Петропавл қаласы мен Тайынша ауданында қабылданған.

Тағы оқыңыз: СҚО-ға Қарағанды және Павлодар облыстарынан құтқарушылар көмекке келді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x