[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/32cc734d-5712-4d0a-a08b-33cf593128c4-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Алғыс айту күнінде қызылжарлық еріктілер шаһар тазалығын қамтамасыз етіп жүрген жұмысшыларға ыстық бауырсақ таратты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыс орталығының тазалығын күн сайын 70 техника мен 120-дан астам жұмысшы қамтамасыз етеді. Әкімдіктің берген мәліметіне сүйенсек, қыс басталғалы қаладан 240 мың текше метр қар шығарылған. Осылайша, өңір жастары ауа райын талғамай, күндіз-түні еңбек ететін коммуналдық қызмет өкілдеріне алғыстарын білдірді. 15 ерікті 20 келі бауырсақты өздері пісірген. Ыстық шай ішіп, бауырсақтан дәм татқан жұмысшылар жастарға ақ батасын берді.

«Қатты тайғанақ болса, көліктер жүре алмай қалады. Қала тұрғындары да біраз қиналады. Тіпті мұндай кездері аяқтары тайып, құлап жарақат алып жататындар көп. Сол себепті біздің жұмысымыз өте маңызды деп есептеймін. Мерекеде еңбегімізді елеп жатқан жастарға алғысымыз шексіз»,- дейді коммуналдық қызметтің жұмысшысы Ербол Қожахметов.

Облыс орталығында қар тазалау жұмыстары кешкі 8-ден таңғы 5-ке дейін жүргізіледі. Мұнымен қоса тұрғындар қала көшелерінде тайғанап құлап қалмауы үшін жұмысшылар тұз-құм қоспасын да себеді. Қыс мауысымына осындай 2,5 мың текше метр реагент әзірленген.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x