Солтүстік Қазақстан облысының егістік алқабы 4,5 млн гектарды құрайды. Соның 3,2 млн гектары дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға тиесілі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл облыс диқандары 2,5 млн гектарға – бидай, 400 мың – арпа, 964 мың – майлы дақылдар және 353 мың гектарға азықтық дақылдардың дәнін сіңірмек. Бұдан бөлек картоп пен көкөністерге 34,1 мың гектар бөлінді. Өңірдегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің барлығы тұқыммен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда диқандар минералды тыңайтқыш сатып алу бойынша шарт жасасу және ақы төлеу жұмысын жүргізуде.

«Малды азық-түлікпен қамту мақсатында фермерлер суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуда. Жем-шөп дақылдарын суару кезінде агроқұрылым басшылары жоғары өнім алады деп күтілуде. Биылғы жылы суару алаңы екі есеге ұлғайып, 5,1 мың гектардан асады. Жалпы ауданы 1 326 гектарды құрайтын алты суару жобасын жүзеге асыру жоспарлануда», – дейді СҚО ауыл шаурашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

Жалпы, көктемгі дала жұмыстарына 13 мыңнан астам түрлі модификациялы тракторлар, 15 мыңға жуық астық сепкіштер, 1,4 мыңнан астам заманауи жоғары өнімді егіс кешендері сақадай сай. Бүгінгі таңда техниканың дайындығы 95 % құрайды.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x