Ереже бұзған электр самокаттар айып тұрағына қойылады

Елімізде 30 тамыздан бастап ереже бұзған электр самокаттар айып тұрағына қойылатын болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Электр самокатының жүргізушісі 18 жасқа толған болуы керек. Оның көлік құралын басқаруға құқық беретін кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы шарт. Басына міндетті түрде шлем кию керек. Сондай-ақ, қараңғы уақытта басқа көліктер көрмей қалмас үшін жарық түсіретін белгілер қойған дұрыс. Айта кетсек, электр самокаттардың жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шетімен қозғалуына рұқсат етіледі. Жаяу жүргіншілер жолында немесе тротуарда сағатына 6 километрден аспайтын жылдамдықпен жүру керек. Егер аталған талаптар ескерілмесе, жүргізушілерге Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне және Жол қозғалысы ережелеріне сай жаза қолданылады. Самокаттары айып тұрағына да қойылуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Тамыздың біріне дейін құжат тапсыру қажет – Оқу-ағарту министрлігі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x