Елімізде машина жасау саласы өнімдерінің экспортын 3 есеге арттыру жоспарлануда

Алдағы уақытта елімізде машина жасау саласы өнімдерінің экспортын 3 есеге арттыру жоспарланып отыр. Бұл тақырып ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаралды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасы құрылымындағы машина жасау саласының үлесі – 1,5%, ал өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 13%-ды құрайды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, аталған салада 3,8 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді, жұмыспен қамтылғандар саны 118 мыңнан асады. Алқалы жиында машина жасау саласы өңдеуші өнеркәсіптегі ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі екені де айтылды. Соңғы 5 жылда өңдеуші өнеркәсіптің орташа өсу қарқыны 4,5% болса, машина жасау саласы 17,6% өсім көрсетті. Алдағы уақытта бұл саланы одан әрі нығайту үшін жаң жобалар қолға алыбақ.

«2028 жылға дейін 1,7 трлн теңгеге 24 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 151 жобаны іске асыру жоспарланған. Олардың ішінде теміржол, ауыл шаруашылығы, электр техникасы, мұнай-газ, тау-кен металлургия машинасын жасау, сондай-ақ автомобиль жасау салаларындағы кәсіпорындар бар. Атап айтқанда, 2023 жылы 217 млрд теңгеге 3,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 29 жоба іске қосылады деп күтілуде», – деп жазды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Үкімет басшысы өткен 5 жылда Қазақстан экономикасындағы машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 3 есе өсіп, 3 трлн теңгеден асқанын атап өтті. 2022 жылы $470 млн-нан астам шетелдік инвестиция тартылған.

«Отандық өнімді экспорттау үшін бізде айтарлықтай мүмкіндіктер бар. Мысалы, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің машина жасау өнімдері импортының жалпы көлемі 2021 жылы $141 млрд-ты құрады. Яғни, еліміздің аталған нарықтағы үлесін әлі де арттыруға болады», — деді Әлихан Смайылов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да тамыз айында 34 градусқа дейін ыстық болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x