300 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттамақ

Алдағы оқу жылында Қазақстанда 339 880 оқушы бірінші сыныпқа барады. Ұл-қыздардың дені мемлекеттік тілде білім алуға ниетті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгін елімізде 1-сыныпқа құжат қабылдау науқаны аяқталды. Ресми ақпаратқа сүйенсек, 4 ай ішінде мектепке қабылдануға 377 681 өтініш түскен. Соның ішінде 339 мыңнан астамы бірінші сыныпқа қабылданды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаушылардың ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласында (99,3%) тіркелген. Павлодар қаласында – 97 пайыз, Шығыс Қазақстан облысында көрсеткіш 96 процентті құрайды.

«Өтініш берішулердің 70,7% мектепті мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді. Құжаттарды қабылдау еgov.kz электронды порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылды», – деп жазылған Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.

Тағы оқыңыз: Елімізде машина жасау саласы өнімдерінің экспортын 3 есеге арттыру жоспарлануда

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x