Елдегі дәрі-дәрмек бағасы 30% дейін қымбаттауы мүмкін

Дәрі-дәрмек бағасы 30% дейін қымбаттауы мүмкін. Себебі әлем елдерінде жетілдірілген GPP стандартына еліміздің дәріханалары дайын емес. «Талабы қатаң, шығыны шаш етектен. Сондықтан жүйе енгізілсе, бағаны қымбаттатпасқа амал жоқ»,— дейді тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының жетекшісі Талғат Омаров, деп хабарлайды Qazaqstan Media, Хабар арнасына сілтеме жасай отыра.

Тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының жетекшісі Талғат Омаровтың сөзінше, депутаттар ұсынғандай, барлық дәріханада бірдей баға қою мүмкін емес. Себебі әр дәріханаға шаққанда, үстемақының орташа құны 350 мың ғана болады. Ал бұл қаражат дәріхана меншігін жалдауға да жетпейді. «Шығынға батпас үшін GPP стандартын міндетті емес, ерікті қылу керек»,— дейді ол.

«Наценка 5% деп жатыр да, бәріне бірдей баға қойып тастайтын болсақ, банктің 1% бізден безналичный төлеген кезде, кім төлейді? Мемлекет пе біз бе? Біз төлейміз. Сонда бізде 4% қалады. Мемлекеттің өзі бізден 3% алады. Ол 3% төлейміз, 1% қалады бізде. Сол 1% біз шығара аламыз ба, жоқ па? Жалақыны, аренданы, басқасын-басқасы толып жатыр бізде. Шығара аламыз ба? Жоқ, шығара алмаймыз»- деді тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының басшысы Талғат Омаров.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 7 медициналық нысанның құрылысы жүргізілуде

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x