Ел президенті қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Бүгін, 11 наурыз – он екі айдың сұлтаны қасиетті Рамазан айының алғашқы күні. Жамағат бір ай бойы ауыз бекітіп, ораза тұтады. Мұсылмандар үшін осынау берекелі айдың басталуымен барша қазақстандықтарды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, биыл Рамазан айы 30 күнге созылады. 11 наурыз алғашқы күні болса, 9 сәуір соңғы күні. 

«Қымбатты отандастар! Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша. Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл. Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді. Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін. Ораза қабыл болсын! Баршаңызға зор денсаулық, амандық, толайым табыс тілеймін», — делінген Ақорда сайтында.

10 сәуірде ораза айт мерекесі басталады. Қадір түні сәуірдің 5-інен 6-сына қараған түнге келіп тұр. Ал пітір мөлшері 640 теңге деп белгіленген.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда неліктен 255 мың теңгеден жоғары мобильді аударымдар тексеріледі?

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x