Экс-вице-министр СҚО әкімінің жаңа орынбасары болып тағайындалды

СҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Енді бұл қызметті осыған дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі болған Рүстем Құрманов атқармақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Рүстем Құрманов 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі АШМ) қарасты Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасының экономикалық талдау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

«2012–2013 жылдары – АШМ Инвестициялық саясат департаментінің директоры. 2013–2015 жылдары – АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы. 2015-2017 жылдары – Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешенінде комитет хатшысы. 2017-2018 жылдары ауыл шаруашылығы вице-министрі, 2018-2019 жылдары «ҚазАгро» Холдингінің басқарма төрағасы, 2019 жылдың наурыз айынан бастап ҚР АШМ басшысының орынбасары болды», — делінген облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

42 жастағы Рүстем Құрманов бірер күн бұрын ғана берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылған. Ал осыған дейін бұл қызметті 6 жыл бойы Дәурен Жандарбек атқарған. Ол өткен аптада ғана жұмысынан босатылған еді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл 80 адам вирустық гепатитке шалдықты

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x