5 күн ішінде СҚО-да 42 кг марихуана тәркіленді

5 күн ішінде Солтүстік Қазақстан облысында есірткіге қатысты 20 құқықбұзушылық тіркелген. Полицейлер айналымнан 200 грамм синтетикалық есірткі мен 42 кг марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өткен аптада өңір полицейлері дәріханалар мен медициналық мекемелерді аралап, құрамында есірткі бар заттардың сақталу заңдылығын тексерді. Нәтижесінде, 11 құқықбұзушылық анықталған. Петропавлдағы дәріханалардың біреуі әсері күшті дәрілік затты рецептісіз сатқан көрінеді. Фармацевт ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 426-бабы бойынша жауапқа тартылды.

«24-28 шілде аралығында «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Мұнымен қоса, есірткі қылмысын ашып, жолын кесу бойынша да жұмыстар жүргізілді. Шараның 5 күнінде айналымнан 200 грамм синтетикалық есірткі, 42 кг кептірілмеген марихуана алынды. Осы күндері есірткіге қатысты жалпы 20 құқықбұзушылық тіркелді. Фактілер бойынша сараптамалар тағайындалды, сол нәтижелерге сүйеніп процестік шешімдер қабылданады», – деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Руслан Үмбетов.

Тағы оқыңыз: Экс-вице-министр СҚО әкімінің жаңа орынбасары болып тағайындалды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x