Еліміздің Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев енді ақхалаттыларды үйге «электронды үкімет» порталы арқылы шақыруға болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Енді қазақстандықтар дәрігерлерді үйге Egov.kz «электронды үкімет» порталы арқылы шақыра алады. Сондай-ақ, қашықтан медициналық құжаттар қолжетімді болмақ. Атап айтсақ, бұл — емдеуге жатқызуға жолдама, стационардан шығару, аурухана парақтары.
«Egov.kz «электронды үкімет» порталында пациенттер үшін вакцинациялауға жазылу, вакцинациялау бойынша мәліметтерді түзету, дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру қолжетімді. Сондай-ақ медициналық ұйымға тіркелуге болады», — деді вице-министр.
Тағы оқыңыз: «Sensitive» би театры халықаралық байқауда бас жүлдеге ие болды