Былтыр өздеріне жүктелген міндеттерін орындамаған кәсіпкерлерге 1 трлн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Президент өз жолдауында мемлекеттік сатып алуға қатысты мәселені де қозғады. Былтыр тендер ұтқан кәсіпкерлер өздеріне жүктелген міндеттерді шартқа сәйкес тиісті деңгейде орындамағандары үшін ел қазынасына 1 трлн теңге көлемінде айыппұл өтеген. «Болашақ Қазақстанға» қоғамдық студенттік бірлестігінің төрағасы Рүстем Арманов жауапсыз компаниялар үшін талап пен тәртіпті күшейту керек деп есептейді.
«Мемлекет осындай кәсіпкерлерге айыппұл салғаны дұрыс деп есептеймін. Келешекте де солай болуы тиіс. Себебі, бұл шағымдар уақытты созады. Және мемлекеттік маңызы бар тапсырыстар орындалмай қалады», — дейді «Болашақ Қазақстанға» ҚСБ төрағасы Рүстем Арманов.
Тағы оқыңыз: Елімізде балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендерге жаза күшейтіледі