Бүгін елімізде қайтарымсыз грантқа өтінім қабылдау басталды. Биыл мұндай мүмкіндікке 2697 адам ие болмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, мемлекеттік грант – жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз берілетін бастапқы капитал. Оған өтініш Business.enbek.kz порталында қабылданады. Грант мөлшері – 1 380 000 теңге (400 АЕК), әр қатысушыға тек бір рет беріледі.
Өтінім беру үшін:
* порталда тіркелу;
* грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
* бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
* өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 81-дегі ата үйленіп, 82 жастағы әжей тұрмыс құрған