Жыл басынан бері 13,6 мыңға жуық адам қандас мәртебесін алған. Алдағы уақытта олар үшін квота саны артпақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Биыл қоныс аударушыларға арналған квота саны азайып, қандастарға арналған квота саны артады.
Бұған жергілікті атқарушы органдардың сұранысы себеп болған. Еңбек министрлігінің бұйрығына сәйкес:
-Қандастарға арналған квота 1925-тен 2287-ге артады;
-Қоныс аударушыларға арналған квота 6727-ден 6592-ге кемиді.
Жыл басынан бері 13,6 мыңға жуық адам қандас мәртебесін алған. Жалпы, 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 млн 120,7 мың этникалық қазақ оралған.
Тағы оқыңыз: А. Сапаров ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды