Басты мақсат – елдің мұң-мұқтажын билік басындағыларға жеткізу – депутат

Уәлиханов аудандық мәслихатының депутаты Амангелді Сатыбалдин ауыл азаматтарының түйіткілді мәселелерін шешіп, барынша қолдауға тырысамын дейді. Халық қалаулысы әлеуметтік маңызды мәселелерді халық үніне қлақ аса отырып шешкен жөн деп санайды. Аудандық мәслихат депутатымен Qazaqstan Media тілшісі сұхбаттасып қайтты.

Амангелді Солтанұлы, Сіз бұған дейін де  Уәлиханов аудандық мәслихатының  жеті шақырылым депутаты болдыңыз. Халық қалаулысы болудың да өзіндік жауапкершілігі бар. Депутат болудағы мақсатыңыз қандай?

-Халық қалаулысы болудағы басты мақсат-ол елдің мұң-мұқтажын билік басындағыларға жеткізе отырып, соның шешілу жолын табу. Қай халық қалаулысы болсын халықтың көкейіндегі мәселесін шешуге ықпал етіп, халықтың алғысын алса, оған одан артық баға керек емес. Менің басты ұстанымым осы. Өзі сайлау аумағымның түйіткілді мәселесін көтеріп, ауыл тұрғындарының ойындағысын жеткізе алсаң және оның тиімді шешілуіне үлес қоссаң халық соны лайық бағалайды.

Ең алғаш Nur-Otan партиясының праймериз арқылы  жылдың қаңтар айында аудандық –мәслихаттың 7-шақырылымының депутаты болып сайландым. Сол кезде сайлаушыларымның көтерген ауылдардың жолдарын жөндеу, клубтарды қалпына келтіру, таза ауыз сумен қамту, көшелерді жарықтандыру сияқтты мәселелерін шешуге септігімді тигіздім. Халық қалаулыларының елдің жағдайын ойлап, сол жолда еңбек ететініне көз жеткізді деп ойлаймын.

       Сайлауалды үгіт-насихат кезінде  сайлау округінің тұрғындарымен кездесіп, шешілмей тұрған өзекті  мәселелерді білдік. Осылайша, халық сенім артып, екінші рет AMANAT партиясының атынан Бидайық, Мырзағұл, Өндіріс және Жұмысшы ауылдары тұрғындарының басым дауыс беруімен аудандық маслихат депутаты болдым. Сайлауалды бағдарламам аталған ауылдардың  әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге бағытталған болатын.

Осы жолы депутат ретінде мына мәселенің шешілуіне ықпал етуім немесе нақты шешуім керек деген жоспарыңыз бар ма?

Өткен жылы Бидайық ауылында су мұнарасы мен су тарату желілерін салу және Бидайық ауылының кенттік жолдарында орташа жөндеу жұмыстарына, ұзындығы 35 км болатын Бидайық-Өндіріс-Жамбыл аудандық маңызы бар жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен едәуір қаражат бөлінді. Бүгінгі күні Бидайық ауылында су мұнарасы мен су тарату желілерін салу жұмыстары 90 пайыз орындалды және ағымдағы жылы толығымен аяқталуы үшін қаржы бөлінді.

Сонымен қатар, аталған жобаларды іске асыру барысында кейбір маңызды мәселелер назарға алынбай, атап айтқанда, жаңадан  жөнделген жолды су құбырын өткізу кезінде қайта қопарылу мәселесін болдырмау үшін жолды бұзбай отырып, жолдың астынан бұрғылау әдісін қолдану қажеттілігі туралы округ тұрғындары атынан жерглікті атқарушы органдарға депутаттық сауал жолданып, жолдарды жөндеу жұмысын уақытша су тарату желілерін салу жұмыстарын аяқтағанша кейін шегерілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында шекаралас елді мекендерді дамыту       бойынша міндет қойылған, біздің округ шекаралас аумақ болып табылатындығына байланысты, округ халқының өсіп сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту жөніндегі жұмыстар одан әрі жалғасады деп сенемін.

Аудандық мәслихат жанындағы бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі комиссия мүшесі екенсіз. Аудан қаржысына қатысты қандай мәселелер қаралуда?

-Барлық талап-тілектің жүзеге асуы қаржыға байланысты. Халықтың сұранысы да жылдан-жылға артып келеді. Сол себепті қаржыны тиімді бағытқа жұмсаған абзал. 2023 жылдың желтоқсан айының соңында өткен тұрақты комиссия отырысында ауданның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті бектіліп, әр жылда атқарылатын жұмыстар бойынша тиісті қаржы бөлінді. Оның барлығы халықпен кедесу барысында көтерілген ең өзекті мәселелер. Енді сол мәселені шешу барысында бөлінген қаражыға, бюджеттік түсімге қарай жоспарлы жұмыс жасалады.

Айта кетер болсам, аудандық бюджетті бекіту кезінде КТUL-336 «Өндіріс-Жұмысшы-Мырзағұл» аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеуге және 2024-2026 жылдарға арналған Бидайық ауылдық округінің бюджетін бекіту кезінде Бидайық ауылындағы Жеңіс алаңын, Бидайық ауылына балалар ойын алаңын, Бидайық ауылында «Жастар» саябағын жайластыруына және Бидайық ауылының демалыс орталығына қазақндық қондырғыларына орнатуға қаражат қарастырылады. Аталған жобалардың сапалы орындалуы әрдайым бақылауда болады.

Әр сайлаушыларыңызды қабылдайсыз. Сайлаушыларыңызды қандай мәселе толғандырып жүр?

-2023 жылы AMANAT партиясы Уәлиханов аудандық филиалы азаматтарын мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының, аудандық маслихаь депутаттарының қабыладу кестесіне сәйкес ауджан орталығында азаматтарды және әлеуметтің желіде хабарландыру беру арқылы өз сайлау округімде сайлаушыларыммен 4 рет кездестім.  Кездесуге келетін тұрғындардың көпшілігі әлеуметтік мәселе бойынша көмек сұрайды. Ондай кезде тиісті орындардан берілетін көмек барын айтып, жөн сілтеймін. Қолдан келгенше көмектесуге тырысамыз. Кейбір кезде сол мезетінде шешуге келетін жағдай болса, демеушілік есебінен оң шешім табуына ықпал етемін.

Мен барлық мәселелерді шешу қиын екенін түсінемін, бірақ әрбір депутаттың халықпен байланысы бар, сондықтан барлық мәселелерді шешуге барынша күш саламын. Әрдайым сайлаушыларымның өтініш тілектерін тыңдауға дайынмын.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жалған ақпарат таратқан тұрғынға айыппұл

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x