баспана

Астананың 25 жылдық мерейтойына орай Аққайың ауданында жетімдерге баспана берілді. 6 отбасыға  үйдің кілтін аудан әкімі Рүстем Елубаев табыстады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Аққайың ауданында жетімдер санаты бойынша үй кезегінде тұрған 6 отбасы көптен күткен баспаналарына қол жеткізді. Солардың бірі- Кристина Савинова. Оның кезекте тұрғынана 10 жылдан астам уақыт болған.

баспана

«Енді кішкентай балам екеуміздің өз үйіміз бар. Өте қуаныштымыз. Бөлмелері кең. Баспанамыз 80 шаршы метр. Қонақ бөлмені, ас бөлмесін қалай әрлейтінімізді де ойлап қойдым», — дейді Кристина Савинова.  

Шілде айының соңында Аққайың ауданында тағы бірнеше отбасыға пәтер кілті табысталмақ. Жалпы, бүгіндері мұнда 215 адам үй кезегінде тұр.

Тағы оқыңыз: «Саламатты Қазақстан» пойызы Жамбыл ауданының 500 тұрғынына медициналық көмек көрсетті

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x