конференция

Петропавлда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 9 орта мектепте «Ахмет Байтұрсынұлы – адамзат пен білімнің егушісі» атты облыстық конференция өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

конференция

Алаш Орда үкіметінің мүшесі, қоғам қайраткері, ұлттық жазудың реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орайластырылған жиын барысында Ұлт ұстазының қазақ халқы мен еліміз үшін сіңірген еңбегі сөз етілді. Жалпы шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақты ақын, публицист, аудармашы, әдебиет зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығымен таныстырып, жастардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу.

«Ахмет Байтұрсынұлы ұлт, тіл мәселесін көтеріп, еліміздің дамуына, Тәуелсіздікке қол жеткізу жолында үлкен еңбек сіңірді. Сол себепті Алаш Орда үкіметі мүшесінің 150 жылдығына орайластырылған мұндай іс-шаралар ел көлемінде өтуде. Оның үстіне былтыр мектебімізге ақынның есімі берілген еді. Бұл біздің ұжым мен оқушылар үшін үлкен мәртебе. Бүгінгі жиында бас қосқан зиялы қауым өкілдері жастар алдында түрлі тақырыптағы баяндамаларын оқып, Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығымен тереңірек таныстырады», – дейді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 9 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Дулат Сейітжанов.

конференция

 

Тағы оқыңыз:Биыл 9700 тұрғынға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x