Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев асханасы жоқ мектептерде оқушыларға қалай тамақ берілетінін айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
«Қазіргі таңда осы міндетті орындау үшін барлық жергілікті әкімдік қажет қаржыны бөлді. 1 қыркүйектен бастап 1 миллион 400 мың бастауыш сынып оқушысы тегін тамақтанады. Ал асханасы жоқ 669 мектепте Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, тамақтандырудың 3 тәсілін ұйымдастырамыз. Олар — кейтеринг қызметі, модульді асханаларды құру, буфеттік тамақтану», — деді Ғани Бейсембаев.
Министрдің айтуынша, 1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын, тұрмысы төмен отбасыдан шыққан 97 мыңнан аса бүлдіршін де тегін тамақ ішеді.
Еске сала кетсек, СҚО-да барлығы 12 асханасы жоқ мектеп бар. Оның 4-уі Петропавлда орналасқан.
Тағы оқыңыз: Елімізде 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылады