Солтүстік Қазақстанда 2024 жылы 3180 сәби дүниеге келген. Оның 1637-сі ұл. Кейбір ата-аналар нәрестелеріне ерекше ат қойған. Облыс аумағында қандай ерекше есімдер бар екенін әділет министрлігіне арнайы сауал жолдаған Qazaqstan Media тілшісі анықтады.

 

2024 жылдың басынан солтүстік өңірде 1637 ұл, 1543 қыз бала дүние есігін ашқан. Аймағымызда 67 егізтуған. Биылдыққа үшемнің ата-анасы атанғандар жоқ.

«Нәресетелердің есімдеріне келер зь, ұлдарға көбіне Айсұлтан, Ислам, Мансұр, Әмір, Таир, Арланесімдері көп берілген. Сонымен қатар, Матвей, Артем, Тимофей, Богдан, Роман сынды аттар да жиіқойылған.

Қыз балаларға көбіне Томирис, Айлин, Медина, Асылым, Айзере, Айша, Тамина сынды есімдер таңдалған», деп жазылған министрлік берген жауапта.

Қыз балаларға Василиса, Анна, Алиса, Вероника, Милана есімдері де жиі қойылған.

Әділет министрлігі берген ресми жауапқа сүйенсек, Солтүстік Қазақстанда қосарлы атты беру де сәнге айналған. Ішінде ерекше есімдер жетерлік.

Алп Арслан, Аль-Асад, Аль-Таир, Ислам-Әлі, Лада Берта, Ансар-Камиль, Амина-Виктория, Бибі-Айша, Бегім-Ай, Аль-Тамилла, Әмір-Әли, Фатма-Эсра сынды ерекше есімдер бар. Сонымен қатар, бауыр еті баласын Эмин Барлас, Шах-Керім, Сағын -Али, Хан-төре, Мұхаммед-Ханафия деп атағандар да бар екен.

Тағы оқыңыз: Петропавлда әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x