Алексей Луценко «Түркия турында» жеңіске жетті

Алексей Луценко жалпы есептің қорытындысы бойынша «Түркия туры» көп күндік веложарысты жеңіп алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазақстандық түрік жарыстарының чемпионы атанып, 8 кезеңнен тұратын сайыста  үздік уақыт көрсетті. Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы биылғы түрік көп күндік веложарысының  көшбасшысының жейдесін киіп, жеңіс  тұғырының жоғарғы сатысында көрінді. Осыған дейін жерлес велошабандоз аталмыш жарыста екінші орын алған болатын.

«Алексей Луценко «Түркия туры» көшбасшының жейдесін 3-ші кезеңде Бабадаг тауы шыңында жеңіп алды. Кейін қалған 5 күн бойы алда келіп, жеңісті қолдан бермеді. Нәтижесінде Стамбулда тарихи жеңіспен аяқтады»- деп хабарлайды  Astana Qazaqstan Team командасының баспасөз қызметі.  

Тағы оқыңыз: Зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына арналған бірыңғай байланыс іске қосылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x