Алдағы күндері аққайыңдар өлкесінде сынап бағанасы 43 градусқа дейін көтеріледі. Қазгидромет өкілдері шілденің 11-і мен 13-іне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Шілденің шіліңгір ыстығы алдағы күндері білінбек. Синоптиктердің дерегінше, еліміздің басым бөлігінде күн қатты ысиды.

«Қaзақстaнның сoлтүстігiнде, opталығында, 11-12 шілдeде солтүстiк-батыста, 12-13 шілдеде oңтүстікте, 13 шілдeдe Қазақстанның оңтүстік-шығысында 43 градусқa дейін қaтты ыстық күтілeді», — деп жариялады Қазгидромет өкілдері.

Сонымен қатар, алдағы күндері Қазақстанның батысында, орталығында және солтүстігінде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ, екпінді жел соғады деп күтілуде.

Тағы оқыңыз: Астана күні СҚО-да 7 сәби дүниеге келді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *