22-23 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауып, боран соғады. Арты көктайғаққа ұласады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Дауылды ескерту жайлы СҚО ТЖД хабарлама таратты. Облыстық гидрометеорология орталығының мәліметі бойынша, 22 қарашада облыстың оңтүстігінде, шығысында, 23 қарашада облыстың оңтүстігінде, батысында кейде жерлерде желдің екпіні 30 м/с болмақ.

Алдағы екі күнде Петропавлда  жауын-шашын,  көктайғақ, боран болады деп күтілуде.  Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 23-28 м / с жетеді.

«Осыған байланысты ҚР ТЖМ ұсынады:

— үй ішінде көбірек болу үшін өз іс-әрекетіңізді ұйымдастырыңыз;

— балаларды ерекше бақылауға алыңыз;

— елді мекендерден тыс жерлерге шықпаңыз;

— бұл ақпаратты көршілерге хабарлаңыз, қажет болған жағдайда науқастар мен қарттарға көмек көрсетіңіз», — делінген СҚО ТЖД таратқан хабарламада.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x