Ақжар және Уәлиханов аудандарында жемшөп тапшы

СҚО-да құрғақшылыққа байланысты екі ауданда жемшөп тапшы. Мұндай жағдай Ақжар және Уәлиханов аудандарында тіркелген,  деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биыл қыстан қысылмай шығу үшін 940 мың тонна шөп, 211 мың тонна пішен, 216 мың тонна сүрлем, 867 мың тонна сабан және 818 мың тонна жем дайындау қажет. Бірақ құрғақшылықтың кесірінен Ақжар мен Уәлиханов аудандарында жем-азық әзірлеу қиындаған.

«Қазіргі уақытта өңірде 656,6 мың тонна шөп және 154,7 мың тонна пішен дайындалды. Бүгіндері мәселе Ақжар және Уәлиханов аудандарында туындап отыр. Жауын-шашын аз болғандықтан шөп жеткіліксіз. Жалпы, облыс бойынша тұрғындардың қора-қопсыларында 64 084 мал бар. Жем-азықпен олардың 47 % — ы қамтамасыз етілген», — дейді СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

Тағы оқыңыз: Отбасы банкіндегі депозитті енді тек туыстарға ғана табыстауға болады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x