Күзгі әскерге шақыру науқанында 500 солтүстікқазақстандық азамат Отан алындағы борышын өтеуге аттанады, деп хабарлайды Qaqstan Media тілшісі.
Биыл көктемде 400-ден астам солтүстікқазақстандық жігіт әскер қатарына алынды. Күзде тағы 500-ге жуық жерлесіміз Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады.
Жалпы, елімізде мерзімді әскери қызметтің тартымдылығын арттыру мақсатында Қорғаныс министрлігі бірқатар іс-шараларды қолға алды. Оның ішінде «Әскери міндетті 2.0» жобасы бар. Әскери борышын өтеп келген азамат осы цифрлық платформа аясында ҰБТ тапсырмай-ақ, өзі таңдаған жоғары оқу орындарында тегін білім ала алады. Министрлік еліміздің 70-тен аса жетекші университеттерімен меморандумға отырды. Бұдан бөлек, мерзімді әскери қызметке алынғандарға кредиттік каникул беріледі. Қазір жастар автоматты түрде әскери есепке алынады. Бұрын есепке тұруға бір апта берілетін, қазір оны алып тастады.
Ең маңызды мәселелердің бірі – бұрын 17 жастағы жасөспірімдер жыл сайын әскери тіркелуге міндетті болатын. Оның екі себебі бар, әскери есеп және жасөспірімнің денсаулығын тексеру. Ал 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасөспірімдер әскери есепке алынбайды.
Тағы оқыңыз: Ұлттық ұланның курсанттары ант қабылдады