50 ауылда су тарифі арзандады

Биыл облыс аумағындағы «Есіл су» филиалының топтық су құбырына қосылған 50 ауылда су бағасы арзандады. Көрсеткіш 16-дан 87%-ға дейін төмендеген. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингіде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы Сергей Перов баяндады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті 2023 жылдың бірінші тоқсанын қорытындылады. Мамандардың жедел-тергеу жұмысының нәтижесінде тұрғындарды толғандырған проблемалардың бірқатары шешімін тапқан. Айта кетсек, елді мекендерде су тарифі әжептәуір төмендеген. «Есіл су» филиалының топтық су құбырына қосылған 50 ауылда баға 16%-дан бастап 87-ге дейін арзандапты.

«М.Жұмабаев ауданындағы 20 ауылда су тарифі орташа 150 теңгеге арзандады. Облыс бойынша осы ауданның 3 елді мекенінде су қымбат екені анықталды. Чистое мен Қарақоға тұрғындары тіршілік көзі үшін 375 тг, ал Хлебороб ауылыныкілер 400 теңге төлеп келген», — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы Сергей Перов.

Ал Қызылжар ауданындағы Асаново ауылында су тіптен қымбат болған екен. Елді мекен тұрғындары судың 1 текше метрі үшін 1000 теңге төлеген. Бұл проблемаға антикор өкілдері араласып, Булаев топтық су құбырын салу бойынша шаралар қолға алынды. Қазіргі уақытта тіршілік көзінің құны 6 есеге төмендеп, 175 теңгеге жетті.

Келешекте өңір тұрғындары үшін сапалы ауыз суға деген қолжетімділік артуы мүмкін. Өйткені, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұсынысы бойынша облыс әкімі «Бір ауыл – бір тариф» пилоттық жобасын іске қосу туралы шешім қабылдады.

Тағы оқыңыз: Астаналық дәрігерлер өңірдің емдеу мекемелерін аралады

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x