атаулы әлеуметтік көмек

Биыл ел азаматтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін 73,9 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде, жыл басынан бері 450 мыңнан астам адам қаржылай қолдау алды. Мұндай ақпаратпен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бөлісті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қаперге салсақ, әлеуметтік көмек отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады. 1 сәуірдегі жағдай бойынша, 87 мың отбасы қолдауға ие болды. Оған өтініш беру үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына, ауыл округінің әкіміне жүгіну қажет. Сонымен қатар, egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы да көмекке қол жеткізуге болады.

Тағы оқыңыз: Облыстағы 2 көпір апатты жағдайда

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x