апатты жағдайдағы көпір

Облыстағы 2 көпір апатты жағдайда тұр. Оның бірі Сергеев қаласында орналасса, екіншісі облыс орталығында, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

20-шы шағын ауданды Заречный кентімен жалғайтын өткелдің салынғанына 80 жыл болған. Содан бері жөнделмеген. Петропавл-Новосібір-Челябі тас жолы арқылы қатынайтын жүк көліктерінің барлығы осы көпір арқылы жүреді. Ауыр көліктердің қозғалысы нысанның одан әрі тозуына әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан жауапты мекемелер жүк көліктеріне көпір арқылы жүруге тыйым салуды көздейді. Оның қашан жөнделетіні белгісіз. Әзірге жобалық-сметалық құжаттар әзірленген жоқ.

“Платинаға да әсер етуі мүмкін. Сондықтан қазір дер кезінде осы жүкті тоқтатып, басқа айналма жолдармен жүк көліктерін жіберу керек. Оған альтернативті айналма жолдар қазір бар”, – деді «Қазсушар» РМК облыстық филиал директоры Шұғайып Ибатуллин.

Тағы оқыңыз: Құтырма ауруынан сақтатану үшін екпе алу керек – санитар мамандар 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x