ҚР Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасын бекітті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Жаңа баға шегі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Аймақтар бойынша бекітілген максимал бағалар мынадай:
Астана — 76 теңге;
Алматы — 81 теңге;
Шымкент — 64 теңге;
Алматы облысы, СҚО — 81 теңге;
Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары — 54 теңге;
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары — 76 теңге;
Жамбыл облысы — 71 теңге;
Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары — 64 теңге;
Павлодар облысы — 74 теңге.
Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары — 76 теңге.
Әр облыстың шалғай аудандары үшін (облыс орталықтарынан 200 шақырымнан артық) баға лимиті 5 теңгеге жоғары болады.
Тағы оқыңыз: Маман кеңесі: Жаңа жылдық сыйлық алу кезінде нені ескеру керек?