109 солтүстікқазақстандық түлек «Алтын белгіге» үміткер

СҚО-да мектеп бітіруші түлектердің 109-ы «Алтын белгіге», ал 200 оқушы үздік аттестатқа үміткер, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Осыдан бір апта бұрын елде ҰБТ басталды. Маңызды тестілеуге Солтүстік Қазақстан облысынан 2396 түлек қатысуға ниет білдірді. Өтініштер 14 мамырға дейін қабылданған еді. Бүгіндері талапкерлердің әрқайсысы ҰБТ тапсыру күнін,  орны мен уақытын өзі жеке кабинет арқылы таңдауға құқылы. Оқушы маңызды емтиханның қайсысында көбірек балл жинаса, сонымен грант конкурстарына қатыса алады. Жалпы, сынақ форматы мен тапсырмалар санында өзгеріс жоқ. Тест тапсырушыларға 240 минут, яғни 4 сағат беріледі. 1 күнде ҰБТ екі рет ұйымдастырылады: алғашқысы, сағат таңғы 9-дан 13:00-ге дейін, екіншісі,  14:30 бен 18:30-дың аралығында.

«ҰБТ нәтижелерін тестілеу аяқталғаннан кейін бірден көруге болады. Айта кетсем, қорытындыда түлектің қандай тақырыптар бойынша қате жауап бергені көрсетіледі. Бұл олқылықтардың орнын толтырып, қай пәнге көбірек көңіл бөлу керектігін түсіну үшін қажет. Түлек келесі тестілеуге дейін білімін шыңдап, ақсап тұрған тұсын жақсарта алады. Біздің облыста ҰБТ тапсыруға арналған 2 пункт жұмыс істеп тұр», — деді облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков.

Тағы оқыңыз: Былтыр СҚО-ға оңтүстіктен 2,5 мыңнан астам адам көшіп келген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x