«Ұмай» бағдарламасы жанданады

6 күннен кейін, яғни 19 шілде күні елімізде тұратын нәзікжандылар қайтадан «Ұмай» бағдарламасына өтініш тастай алады. Мұндай жаңалықпен Отбасы банктің өкілдері бөлісті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Ұмай» бағдарламасы арқылы пәтер алу үшін кез келген банк бөлімшесіне барып, өтініш беруге болады. Тек осы жолы қалалар үшін шектеу бар. Өйткені, Астана, Алматы, Ақтау мен Атырауға берілген қарыз лимиті аяқталды, ол жақтың тұрғындары бағдарламаға қатыса алмайды деген сөз.

«2023 жылы үшінші траншқа 15,6 млрд теңге бөлінген еді. Пәтер сатып алудан бас тарту немесе төлем қабілетін растай алмау сияқты себептерден клиенттер ипотекадан бас тартуы мүмкін. Осылай, қазір банкте 6 млрд теңге резерв сома қалды. Ол сома жаңа өтінімдерді қаржыландыруға бағытталады. Сөйтіп 400-450 әйел баспана ала алады», – делінген банктің хабарламасында.

«Ұмай» бағдарламасының бастапқы жарнасы — 15-тен 20%-ға дейінгі аралықта. Мөлшерлеме 14.4%, одан кейін 3,5% – 5%-ға дейін төмендейді. Несие сомасы 30 млн теңгеге дейін, қарыз 6 айдан 25 жылға дейін беріледі.
«Үйді бастапқы немесе қайталама нарықтан алуға болады. Үйді жөндеуге 3,7 млн теңге мөлшерінде қарыз алуға да болады», — деп жариялады банк өкілдері.

Тағы оқыңыз: Петропавлда есірткі қылмысы тыйылмай тұр

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x