Қызылжар ауданы Бескөл ауылында зейнеткерлер арасында дәстүрлі спартикада өткізілді. Биыл оған қатысамын деуші қариялардың саны 100-ден асты. Бұл ең көп көрсеткіш дейді ұйымдастырушылар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгін Қызылжар ауданының зейнеткерлері үшін үлкен мереке, әрі маңызды күн. Себебі дәстүрлі спартикада өтіп жатыр. Әр селолық окургтен келген 100-ден аса аға буын өкілі үстел ойындарынан бақтарын сынауда.

Дене шынықтыру сауықтыру кешеніндегі көңіл-күй де ерекше. Ескі таныстар қал-жағдай сұрасып, әзілдесіп жатса, енді бірі алдағы сайыстарын ойлап қобалжулы. Бірақ, замандастар бір-бірін көріп, қуаныштарын жасырмайды. «Қарттарды қолдау» айлығы аясында ұйымдастырылып отырған шараға 100-ден аса қарт түрлі спорттық ойында бақ сынауға ниет білдірген.

 

«Бескөл ауылында 5 спорт түрінен спартакиада өткізіп жатырмыз.Ол- дартс, тоғызқұмалақ, шашки, шахмат және үстел теннисі. Шараны ұйымдастыруға аудандық спорт және мәдениет бөлімі қолдау көрсетті. Жеңімпаздарға грамота мен бағалы сыйлықтар бар. Жастар көріп, басқа зейнеткерлер көріп, қатысушылар қатары өседі деп ойлаймын. Осындай спорттық шараны облыс деңгейінде өткізсе деген ұсыныс бар. Жеңімпаздар сол жарыста аудан намысын қорғар еді» — дейді Қызылжар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бахыт Бауыкенов.

Спартакиаданың басты мақсаты, салауатты өмір салтын насихаттау. Дегенмен зейнеткерлер үшін бұл алдымен замандастарымен жүздесіп, шүйіркелесіп әңгіме құру. Әрі бос уақыттарын пайдалы өткізу. Дәстүрлі жарысқа жыл сайын қатысатын қарттарымыз да бар. Мысалы 71 жастағы Зиягүл Жапарова шашки ойынынан бақ сынайды. Өткен жылы екінші орынды жеңіп алған екен. Осы жолы да жеңістен үмітті.

«Сайыс жылда өтеді. Мен жылда қатысамын. Мен шашки ойнаймын. Былтыр екінші орын алдым. Спартакиадаға қуана қатысамын. Бескөлде тұрамын. Зейнеткерлер атынан окург әкімдеріне, аудан басшылығына алғыс айтамын. Ризамыз. Зейнеткерлерді үнемі қолдап жүреді. Жылда келіп, бір-бірімізді көріп қуанамыз. Әңгімелесеміз- деді зейнеткер.

Ал, Виктор Уткин болса, биыл алғаш қатысып отыр. 80 жастан асқан қария бұрындары шахмат ойнап әуестенген екен. Асанова ауылынан 4 адам келіп, бақтарын сынауда.

«Мен жарысқа бірінші рет қатысып отырмын. Шахматтан ешқандай разрядым жоқ. Бұрын жұмысқа шахмат алып барып, үзіліс кезінде әріптестеріммен ойнайтынбыз. Қазір үйде жұбайым екеуіміз ойнаймыз. Жарысқа солай дайындалдым. Жеңемін бе, жоқ па білмеймін. Бірақ, спартакиада ұнап жатыр. Қатысушылар көп екен»,- деп өз ойымен бөлісті қария.

Зейнеткерлердің спорттық жарысын тамашалауға аудан әкімі Жанат Сәдуақасов келді. Ол аға буын өкілдерімен әңгіме-дүкен құрып, шашки және теннис ойнады.

Жалпы Қызылжар ауданында зейнеткерлерге көп көңіл бөлінеді. Тек қана қазан айында ғана емес, жыл он екі ай қолдау бар. Бескөл ауылындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінде зейнеткерлерден құралған «Денсаулық» тобы бар. 10-нан астам мүшелік ететін топ аптасына екі рет спорттық ойындар ойнап, дене шынықтырумен айналысады.

Тағы да оқыңыз: Балаларды балабақшаға кезекке қою үшін Бірыңғай деректер базасы іске қосылады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x