Балаларды балабақшаға кезекке қою үшін Бірыңғай деректер базасы іске қосылады

2024 жылы елімізде балаларды балабақшаға кезекке қою үшін Бірыңғай деректер базасы іске қосылады. Аталмыш база  – ата-аналарға ыңғайлы болу үшін және мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлудің толық ашықтығын қамтамасыз ету үшін жасалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Egov.kz мемлекеттік порталы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы баланы кезекке қою үшін бірден 4 балабақшаға дейін таңдап, кейін онлайн режимде берілген өтініштің мәртебесін бақылауға болады.

«Мекемелердің бірінде орын бола қалған жағдайда дереу ата-анаға хабарланады. Жалпы балабақша таңдаудан бастап, келісімшарт жасасуға дейінгі барлық рәсім электронды форматта өтеді», – деп хабардар етті үкіметтің баспасөз қызметі.

Бұл жүйе мектепке дейінгі ұйымдардағы қосарланған кезекті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталуы керек. Бірыңғай деректер базасын іске қосу 2024 жылғы қаңтарға жоспарланған.

Тағы оқыңыз: Облыста 600-ге жуық интернет-алаяқтық фактісі тіркелді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x