Уәлиханов ауанында интернет алаяқтықтың алдын-алу бойынша жиын өтті. Кездесуде аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері және аудандық прокуратура маманы қалай интернет алаяқтың құрбану болмау керек екендігін айтты

Уәлиханов ауанында интернет алаяқтықтың алдын-алу бойынша жиын өтті. Кездесуде аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері және аудандық прокуратура маманы қалай интернет алаяқтың құрбану болмау керек екендігін айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Тұрғындармен кездесу мәдениет үйінде өтті. Залға жиналған азаматтарға Уәлиханов аудандық прокуратурасының прокуроры Оразгелді Мұсафар статистикадан мәлімет келтірді. Айуынша облыс аумағында алдыңғы жылы интернет алаяқтыққа қатысты 690 қылмыстық ісі тіркелсе, ағымдағы жылдың 9 айында 710 қылмыстық іс тіркеліпті. Практика көрсеткендей 90 пайыз алаяқтық қылмысы ашылмай жатады.

«Сіздің ақшаңызды иемдену үшін олар түрлі-түрлі әрекеттерге барады.
Бірі өзін екінші деңгейдегі банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерімін деп таныстырады. Сенімге кірудің тың тәсілін жақсы меңгеріп алған олар азаматтардың есепшотын біреулердің бұзып кірмек болғанын айтып, қауіпсіздік үшін шоттағы қаржыны басқа банк шотына аударуға кеңес беріп, сіздердің ақшаларыңызға оңай қол жеткізеді. Олар сіздерге қоңырау шалып AnyDesk, TeamViewer секілді қосымшаларды жүктеуге шақырады. Аталған жәйтке сіз тап бола қалсаңыз дереу тұтқаны сөндіріп, банкке немесе тікелей полиция органдарына хабарласыңыздар»- деді Оразгелді Мұсафар.

Сонымен қатар аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі Аслан Темірғалиев бейне роликтар арқылы алаяқтарға алданбаудың жолдарын көрсетті.
Биыл жыл басынан СҚО-да 579 интернет арқылы алдау фактісі тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,6 пайызға төмен. Мамандар оны осындай алдын-алу шаралардың нәтижесі деп отыр. Ал, Уәлиханов ауданында осы жылы алаяқтықтың 2 фактісі анықталды.

Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданының әкімі Жанат Сәдуәқасов зейнеткерлер арасындағы спартакиадаға қатысты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x